Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Наурыз мерекесі қарсаңында 2024 жылдың 9-16 наурыз аралығында келушілердің назарына Truffle Bee брендінен Säule Арт-инсталяциясы: ұлттық оюлар арқылы ұрпақ арасындағы байланысты зерттеу көрмесін ұсынады.
Säule (қаз. — «сәуле», «жарық») — топтамасы еліміздің бірегей мәдени мұрасының үніне құлақ түріле отырып жасалған. Truffle Bee брендінің алғашқы ұлттық топтамасы — бұл дәстүрімізді визуалды зерттеу, терең тарихы бар ою-өрнектеріміз бүгінгі күн мен өткен, келер шақты байланыстыра, жаңа кейпіне енуінің интерпретациясы. Truffle Bee өз топтамасына айрықша өрнектерді іздестіру барысында ата-бабаларымыздан мұра болып қалған қазақтың дәстүрлі орнаменттерін зерттеген болатын.
Еліміздің дәстүрлі ою-өрнектерін зерттеуде Ерлан Кариннің еңбектеріндегі жеті жүзден астам дәстүрлі кескіндер, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі оюлар, сондай-ақ Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі музейінің тарихи мұрағаттары зерделенді. Осылайша бренд «Qoshqar muiiz» өрнегін таңдады. Қазақ оюларының алғашқы элементі болып есептелетін өрнек, бүгінде Säule топтамасының барлық бұйымдарын — тері плейсмат, костер мен текстиль дастарханды безендіреді. Ұлттық нақышта, ою-өрнекті топтама — Truffle Bee үшін бұрын-соңды болмаған оқиға. Шектеулі тираждағы топтама Алматыдағы Truffle Bee бутигі мен брендтің онлайн-дүкенінде эксклюзивті түрде ұсынылады.
Ұрпақ арасы, өткен мен бүгіннің байланысын Truffle Bee өз топтамасының бұйымдарымен ғана емес, сонымен қатар 8-ші наурыз күні ашылған көрмеде де көрсетеді. Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі топтаманы таныстыру үшін таңдалған болатын, дәл осындағы мұрағаттан Säule топтамасы өз бастауын алған. Музейдегі жәдігердің қандай болуын шешуде бренд «Жеті ата» дәстүріне жүгінді. Қазақ мәдениетінде жеті атасын білу әр адамның бабалар даналығымен тығыз тілдесуіне тең. Бұл біздің өмір салтымызды құру мен рухани дамуымыздың негізі. Бүгін бренд «Жеті ата» дәстүрін ағаштың символикалық тұрғысынан қарастыруда. Тарихқа толы жерімізге тамырын терең жіберген ағаш — бұл бүгінгі күн мен өткен, келер шақтың байланысы. Басымен аспанға ұмтылып, күн сәулесіне қарай созылатын бұтақтарымен ұмтылу мен өркендеуді, өмірімізді еске салады.
Truffle Bee ұсынған Säule көрмесін Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейіндегі сәндік-қолданбалы өнер залында 9-16 наурыз аралығында келіп тамашаласаңыз болады.
TRUFFLE BEE — бұл дастархан безендіруге арналған тоқыма мен аксессуарлардың премиум бренді. Truffle Bee топтамалары үйдегі тоқыма бұйымдарына қарағанда, жоғары талғамға сай әсем көйлектер сияқты, үстелдің сәнін кіргізіп, оны көз тартарлықтай етіп түрлендірудің таптырмас тәсілі. Кез келген интерьердің көркін кіргізетін, әлемге танымал бренд — кербездік, жағымды түстер мен геометриялық пішіндерді жақсы үйлестіре біледі. 2020 жылдың желтоқсанынан бері әр бұйымының ең кішкентай бөлшегіне дейін зейін қойып, бұл бренд өз тұтынушыларын өзінің үстел безендіруге арналған сымбатты жабдықтарымен тамсандырып келуде.
Truffle Bee үшін Қазақстандағы 2023-2024 мерекелік маусымының басталуы аса ерекше болды: желтоқсан айында бренд еліміздегі алғашқы бутигінің есігін ашты. Truffle Bee кеңістігі Алматының тарихи бөлігі, қаланың дәл жүрегінде орналасты.
Брендтің Қазақстанда пайда болуының бастамашысы — Жанара Кусаин, ол 2022 жылы Truffle Bee-ді қазақстандық аудиторияға алғаш рет ұсынды. Алматыдағы қазіргі Truffle Bee бутигінің орнында оған дейін үй аксессуарларының мультибрендті бутигі орналасқан болатын, ол жерде Truffle Bee плейсматтары да болған. 2023 жылы Жанара өзі жақсы көретін ас үй текстилінің брендіне назарын толығымен аударуды шешіп, нәтижесінде сол жылдың желтоқсанынан бастап Truffle Bee моно-брендті бутигі ашылды.
2024 жылдың ақпан айында Жанара Truffle Bee суретшілерімен бірлесе отырып, арнайы Қазақстан үшін Säule алғашқы ұлттық топтамасын дайындауда.